Маңғыстаулық мәдениет пен өнер саласының өкілдері ұлттық киім үлгісін дәріптеп жүр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақ халқының ұлттық киімі көшпелі тұрмыс салтына, дәстүріне ыңғайлы болған. Ұлттық киім үлгілердегі ою-өрнекпен безендірілуіне қарап адамның жас шамасында ажыратуға да болады.
Қазақ халқы ұлттық киімін табиғи матадан, былғары, теріден тігіп киген. Тағы бір қызығы еліміздің әр түкпіріндегі ауыл-аймақтардың табиғи ерекшеліктеріне қарай киім үлгілері де әр алуан. Бұл күнді қазақ елінің салт-дәстүрін ұлықтау десек артық болмас.