Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың 2023 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірінде аяқталатынын еске салды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
Есептелген салық сомалары бойынша ақпарат 2024 жылғы наурыздың 12-нен 31-і аралығында екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларының пайдаланушыларына PUSH-хабарламалар түрінде жіберілетін болады.
2023 жылға салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталдағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында орналастырылды, оның негізінде жоғарыда аталған салықты төлеуге болады.