Маңғыстау облысы ТЖД ақпараты бойынша, 6 сәуір күні Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласы мен елдімекендерінен Маңғыстау облысына 8738 адам эвакуацияланған. Олар 18 уақытша орналастыру пунктінде (1160 адам, оның ішінде 501 бала) және туыстары мен таныстарының арасында (7538 адам) жеке үйлер бойынша қоныстанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыс бойынша барлығы 201 уақытша орналастыру пункті эвакуацияланған халықты қабылдауға дайын. Пункттер 83042 адамды қабылдай алады.
Маңғыстау су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының тұрғындарын қабылдауды жалғастырып жатыр.
Бұған дейін ақпараттық қолдау және тәулік бойы көмек көрсету үшін "жедел желі" телефондары жұмыс істейтіні хабарланған болатын:
701-707 және 701-708.
Бейнеу ауданы бойынша:
8(72932) 2-20-41
8(72932) 2-54-23.