Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты Құлсары қаласынан Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарына 26 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, 2 мыңнан астам адам уақытша орналастыру орталықтарына орналастырылды, қалған тұрғындар туыстары мен еріктілердің үйлеріне көшірілді.
Бүгінгі күні үкімет тапсырмасы бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті эвакуацияланған халыққа қордан азық-түлік, төсек-орын және т.б. материалдық заттарды таратып жатыр.