Жаңаөзен қаласында жыл сайын дәстүрге айналған «Ене мен келін” байқауы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сайыстың мақсаты - шаңырақтың шайқалмауын насихаттап, ене мен келін арасындағы ауызбіршілікті сақтауға үлес қосу.
Сайысқа бір шаңырақ астында, тату-тәтті өмір сүретін 23 отбасының енелері мен келіндері қатысты.
Кештің қонағы қазақстандық танымал әнші, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы жерлесіміз Тамара Асар келіп, қатысушыларға, қонақтарға жақсы көңіл күй сыйлады.
600-ге жуық қыз-келіншектер мен аналардың басын біріктіріп, әзиз әжелердің, аяулы аналардың өнегелі өсиетін тыңдаған кеште сән үлгісімен қатар өнерпаздар да өнер көрсетті.
Бас жүлде иеленген Тажмағанбетова Ақбибі ене мен Андреева Айдана келінге қомақты сыйлықтар табысталды.