Маңғыстауда зауыттық ақауға байланысты өндіруші тұтынушыға көлік ақшасын қайтарып берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті анықталған зауыттық ақауға байланысты автокөлікті өндірушіге қайтару бойынша сот процесіне қатысты.
ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімшарт жасақтаған.
Нәтижесінде өндіруші автокөлікті 7 390 000 теңгеге сатып алып, сараптама жүргізу үшін қосымша 36 100 теңге төледі.