Ақтауда «Каспий күні – 2024» атты мерекелік іс-шарасына орай «Каспий теңізі экожүйесінің бүгінгі жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов қатысып, Каспий теңізінің бүгінгі жай-күйіне тоқталды. Сонымен қатар, әртүрлі саладағы эксперттер пікірлерін ортаға салып, Каспий теңізінің қазіргі жағдайын және алдағы атқарылуы тиісті жұмыстарды талқылады.
Сонымен қатар, Каспий теңізінің экожүйесін қорғау жөніндегі ақпаратты, Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік Конвенциямен өзара байланыс жөніндегі қызметкері Серік Ахметов өз пікірін білдіріп, жоспарланған іс-шараларға тоқталды. Ал Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау» қауымдастығының аға маманы Айда Табелинова Каспий деңгейінің ауытқу себептері және оның жағалаудағы ландшафттарға әсеріне ерекше атап өтіп, сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Аталған іс-шараға байланысты қазақстандық «Қолданбалы Экология Агенттігінің» бас директоры Скольский Василий «Каспий теңізінің биоәртүрлілігін сақтау және оның қазіргі жағдайын зерттеу» бойынша баяндады. Сондай-ақ, «Каспий итбалығын зерттеу және оңалту», «Экологиялық менеджмент жүйесі және әлемдік стандарттар: EcoPorts туралы», «NCOC компаниясының Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде жүргізіп отырған теңіз экологиялық зерттеу жұмыстары» туралы», «Каспий теңізінің теңіз тасымалы және экологиялық қауіпсіздігі туралы» ауқымды талқыланып, өзекті тақырыптар қозғалды.