Былтыр облыс аумағында көлемі 11 мың шаршы метрді құрайтын автожолдардың негізгі қабаты мен асфальт-бетон жалмылғысы қайта төселді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР ұлттық жол сапасы орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нақты айтсақ, Шетпе-Қызан бағытындағы жолдың 49-85 шақырымы (Тасмұрын - Мәстек аралығы), сондай-ақ Форт-Шевченко қаласында көше жолдарын салу жобалары бойынша қайта құрылымдау ждіұрылымдау жді. Бұған жол құрылысы материалдарынан алынған кейбір сынамалардың нормативті құжаттар талабына сәйкес келмеуі сеп.
Өткен жылы Маңғыстауда атқарылған жұмыс сапасын бақылау кезінде 31 нысан қамтылды. Орталық қызметкерлері облыс көлеміндегі жолдарда 185 рет тексеру шарасын өткізген. 1584 сынма іріктеліп алынса, соның 202-сі талаптарға сәйкес келмей шықты. Сондай-ақ 29 ақаулық табылды.
«2022 жылы республикалық және жерлілікті маңызға ие жолдардың құрылысына қолданылатын битум сапасына бақылау жасалды. 28 сынма (Фраас бойынша сынғыштық температурасы және 163℃-та қыздырғаннан кейінгі жұмсару өзгерісін қарау) зертханалық сынқтан өткізілді. Нәтижесінде, 2 сына нормативті техникилық құжат талабына сәйкес келмеді. Сондай-ақ былтыр Маңғыстауда жалпы ұзындығы 890 шақырым жолға жылжымалы жол зертханасымен аспаптық диагностика жасалды. Филиал қызметкерлері республикиқ, облыстық, аудандық маңызы бар жолдар және қала көшелерінде тұрған 438 жол белгісін тексерді. Анықталған ақаулықтар мен сапаға сәйкес келмеушіліктер қызметтік хат түрінде тиісті органдарға жолданды» - деп хабарлады господоның баспасөз қызметі.