ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Күміс жас" жобасы аясында 50 жастан асқан 15 166 адам жұмысқа орналастырылды деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Күміс жас» жобасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің жоба шеңберінде жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады.
"Жұмыстың бірінші жылындағы субсидиялар мөлшері жалақы мөлшерінің 70 пайызын, екінші жылы – 65 пайызын, үшінші жылы - 60 пайызын құрайды. «Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге, сондай-ақ зейнеталды жастағы азаматты зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыспен қамтуға міндетті», Сұраныс жоғары. Өткен жылы 516 адам жұмысқа орналасуға жолдама алды. Оның 366-сы табысты жұмыс істеуде. Ал жыл басынан бері Маңғыстауда 85 адам жұмысқа орналастырылды", - деді Маңғыстау облысының еңбек мобильділік орталығының маманы Мадина Дүйсебаева.
50 жастан асқан және зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтар аталған жобаға қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.
Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 632 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.