Маңғыстау облысында жеті мектеп оқушылары үшін тасымал қызметіне автобус берілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған көліктердің алтауы Маңғыстау ауданындағы мектептерге берілмек. Аудан оқушыларын мектепке тасымалдау үшін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» ЖШС-мен қаржылық лизинг арқылы 7 автобус сатып алу үшін келісім шарт жасақталған. Аталған құжат бойынша автобустар наурыз айында жеткізілді.
Оның ішінде Маңғыстау ауданының Шетпе гимназиясы, Шетпе лицейі, М.Атымов атындағы мектеп, №7 мектеп-лицей, Б.Жұмалиев атындағы мектеп, Е.Айшуақұлы атындағы мектеп, Өтес мектебіне берілсе, тағы бір автобус Жаңаөзен қаласының білім беру ұйымына табысталды.
Облыстық білім басқармасы мектеп арақашықтықтары 4-тен 8 шақырымға дейін құрайтын болғандықтар арнайы автобус берілгенін атады.