Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура және полиция органдары бірлесіп, бопсалауға, ауыр дене жарақатын салу мен заңсыз қару сақтауға күдікті топтың жолын кесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Операция кезінде көшбасшысы мен 3 қатысушысы ұсталып, атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Қолда бар деректерге сай, олар физикалық түрде жәбір көрсету қауіпімен, облыстық және халықаралық жолдарында жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден ақшалай қаражаттар талап еткен.
Шабуылға тап болған жәбірленушілер, олардың арасында лауазымдық міндеттерін атқаруда болған Шекара қызметінің әскери қызметкері анықталған.
Соттың санкциясымен құрықталған тұлғаларға қамауда ұстау түріндегі шарасы қолданылды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.