© архив
Аймақта режимдік объектінің аумағына есірткі және синтетикалық құралдар сияқты тыйым салынған заттардың енуін анықтау, жолын кесу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай 17-21 маусым аралығында Маңғыстау облысының аумағында "допинг" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД № 77 мекемесінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру иттерін пайдалануда. Сондай-ақ аталған жұмыстарға облыстық полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері де жұмылдырылды. Мамандар бірігіп сотталғандарға келіп түсетін сәлемдемелер мен бандерольдерді тексеру іс-шараларын қатаң бақылауда.