Отпан тауда Амал мерекесіне орай мерекелік шаралар жалғасып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
– Маңғыстау – салт-дәстүрін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан өңір. Біздің күшіміз бірлікте. Ұлтаралық келісім мемлекетіміздің саяси тұрақтылығының негізіне айналды. Біз ұлтқа бөлінбейміз, тұтас бір халықпыз. Міне, бүгін отбасымызбен осы күнді жақсы көңіл-күйде, бейбітшілік пен келісімде өткізу үшін Отпан тауға келдік. Мұндай мерекелер барлығын біріктіреді, сондықтан біз бұл күнді жақсы көреміз. Баршаңызға денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облысы бойынша мүшесі Дмитрий Донских.