© Тілеміш құсы
«Қызылсай» МӨТП КММ қарасты Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі «Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалының инспекторлары жар басынан ірі жыртқыш құстың ұясын байқаған. Ғылыми бөлім қызметкерлері мен инспекторлар ұя маңына фототұзақ орнатып, нәтижесінде жұмыртқа басып, балапан шығарып, тамақтандырған тілеміш құсы екенін анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тілеміш - қаршыға тәрізділер тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Салмағы 1-1,5 кг, қанатының ұзындығы 405-475 мм жетеді. 2-5 жұмыртқа салады. Балапандары 40-50 күнде ұша бастайтындықтан, фототұзақ үнемі қойылып, балапандары қанаттанып кеткенге дейін бақылауда болады.
- Қоршаған ортаны қорғап, оны келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру біздің басты парызымыз, қоғам болып қорғауға атсалысайық!, - деді Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсел Балманова.