Ескертуге қарамастан тыйым салынған арнайы аумақтарда суға түсетіндер саны азаяр емес, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Ақтау қаласында 3 тыйым салынған жер бар. Түпқараған ауданында 4, Қарақия ауданында 2, Мұнайлы ауданында 1 орынға түсуге тыйым салынған. Сондай-ақ, Ақтау қаласы бойынша: 4а-шағын ауданында орналасқан Caspian Rivera қонақ үйінен 5- шағын аудандағы Т.Г. Шевченко ескерткішінен төмен түсу бағытындағы жағалау аймағы,«Шора» су каналы, «МАЭК» ЖШС су каналының жағалау аймағы. Ал, Түпқараған ауданы бойынша: Ақтау - Форт- Шевченко тас жолының 43 шақырымы, 64 шақырымдағы «Голубая бухта», 86 шақырымдағы «Саура» аймағы, Форт-Шевченко қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан «Тамшалы» жағалауы. Онымен қоса, Қарақия аумағы бойынша: «Жыланды» жерінен «Кендірлі» бағытына қарай және «Тоқмақ» жерінен Кендірлі бағытындағы жағалау. Мұнайлы бойынша: Батыр ауылдық округінің солтүстік-шығыста 7 шақырым қашықтықта орналасқан зиянды қалдықтары бар көл аумағы,- деді Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өкілі Рәтбек Демеуберген.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздікті сақтау, ата-аналардың балаларын қараусыз қалдырмау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Алайда адамдардың жазғы мезгілде суға кетуі, тыйым салынған жерде суға түсу жағдайлары азаяр емес.