«Оймашы» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері роталық-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді, онда теңіз жаяу әскерлері әртүрлі ұрыс жағдайында өздерінің шеберліктері мен қабілеттерін көрсетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаттығуларға 200-ден астам теңіз жаяу әскері, сондай-ақ жиырмаға жуық әскери және арнайы техника жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу полигонында теңіз жаяу әскерлері пышақ лақтыру, ату, әскери дрондардан қорғану, сондай-ақ ең күрделі тапсырмалардың бірі ретінде ғимаратқа шабуыл жасау бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Әскерилер шабуылдау және командалық координациялау дағдыларын жетілдіре отырып, бірқатар жаттығулар өткізді. Белгіленген міндеттерді сәтті орындау бүкіл ұжымның тығыз және үйлесімді жұмысының арқасында жүзеге асады.
Техниканың әзірлігі мен жай-күйін бағалаудың, сондай-ақ әскерилерді жауынгерлік қалыпқа келтірудің және олардың тәртібін нығайтудың маңызды кезеңі техника бойынша марш болды.
Әскери дрондардан қорғану және паналау бойынша оқытуд барысында заманауи технологиялар қолданылды, бұл әскери қызметкерлерге ұшқышсыз ұшу аппараттарын залалсыздандыру қабілетін шыңдауға мүмкіндік берді, бұл қазіргі заманғы әскерилер үшін маңызды міндет. Жауынгерлік дағдылардан басқа, теңіз жаяу әскерлері түнгі алаңдарды дайындау және далада тамақ пісіру сияқты ұйымдастырушылық іс-шараларға назар аударды. Бұл теңіз жаяу әскерлеріне оқу полигонында тұрақты жауынгерлік әзірлікте ұстауға мүмкіндік берді.
– Жаттығулардың негізгі мақсаты – әртүрлі ұрыс түрлерінде келісілген және шешуші әрекеттерді орындауға машықтандыру. Биыл медициналық пунктті, басқару бекеттерін инженерлік жабдықтауға және роталық тактикалық топтардың атыс позицияларына ерекше көңіл бөлінді. Іс-шара барысында рота командирлері мен барлық жеке құрам қажетті тәжірибелік дағдыларын жетілдірді, - деп атап өтті шабуылдау батальонының командирі майор Фархат Манабаев.
Дайындықтың келесі кезеңі батальондық тактикалық жаттығулар болады.