Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін Worldskills Aktau 2024 чемпионатының колледжішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Чемпионат мақсаты - түрлі салаларда кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау сапасын халықаралық Worldskills стандарттарына сай арттыру.
Ашылу салтанатына облыстық білім басқармасының басшысы Д.Жұмашева, қала әкімінің орынбасары Ж.Аймағамбетов, «AMANAT» партиясының қалалық филиалының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, БАҚ өкілдері, ата-аналар, мектеп оқушылары қатысты.
Чемпионатқа Жаңаөзен қаласындағы 5 колледжден 52 құзыреттілік бойынша 244 студент қатысуда. Олардың жұмысын 156 сарапшы бағалайды.