"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ Маңғыстау облыстық филиалы ауа райының нашарлауына байланысты Маңғыстау облысының Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көктайғақ болып, қардың үйіліп қалғанын хабарлайды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автожолдардың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы жабылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz мекеме филиалына сілтеме жасап.
Жабық жолдар:
- Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау;
-Жетібай-Жаңаөзен;
- Ақтау-Құрық
Автожолдарды қардан тазарту және көктайғақпен күресу үшін 25 бірлік мамандандырылған техника (аралас жол машиналары, тракторлар, тиегіштер) және "Қажсервис" ЖШС Маңғыстау облыстық филиалының 40 бірлік персоналы жұмылдырылды, жол бөлігіне 416 текше метр көлемінде материал шашылды.
"Сонымен қатар, жолдардың жекелеген учаскелерінде автокөліктер кептеліп қалды, жүргізушілер қозғалысқа тыйым салу туралы хабарламаларды елемеген.
Бұл ретте "Қажсервис" ЖШС Маңғыстау филиалы қар құрсауынан 120 адам мен 50 автокөлікті құтқарды.
Осыған байланысты жүргізушілерге жолда өте мұқият болуды, қауіпсіз қашықтықты, бүйірлік аралықты, жылдамдық режимін сақтауды және кенеттен тежеуді болдырмауды ұсынамыз. Осы кезеңде барлық автокөлік жүргізушілерін қысқы дөңгелек салуға шақырамыз.
Сонымен қатар, төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметінің хабарламаларына мұқият болуға және ауа райы нашарлаған кезде қала сыртындағы жолдарға шықпауға кеңес береміз", - делінген Қазавтожол хабарласамында.