
Маңғыстау облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты мектеп және колледждердегі 13 желтоқсан күнгі сабақ онлайн форматында өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Пән мұғалімдері күнделікті жұмыс орындарында онлайн сабақ өтеді. Мектепке дейінгі ұйымдар күнделікті режимде жұмыс істейді. Өзгерістер қосымша хабарланатын болады, делінген Маңғыстау облысының білім басқармасына сілтеме жасап.
Айта кетейік, синоптиктердің болжамы бойынша, 13 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, шығысында жолдарда көктайғақ сақталады. Облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
Түнде облыстың шығысында 20 градус қатты аяз күтіледі.
Ақтау қаласында жолдарда көктайғақ
болады. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.