Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтау қаласындағы 28 мемлекеттік және 13 жекеменшік мектеп (10 мектеп офлайн форматта сабақ жүргізеді) қашықтан оқытуға көшті. Ал жеті мемлекеттік мектепте таңертең сабаққа келген 610 бала дәстүрлі форматта білім алуда, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.
Бейнеу ауданындағы 24 мектептің оқушылары қашықтықтан оқытуға көшті.
Түпқараған ауданында 10 мектептің барлық бастауыш сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді, ал 5-11-сынып оқушылары офлайн режимде білім алуда. Тек бір мектепте (Шахта орта мектебі) сабақ толығымен дәстүрлі форматта жүргізіледі.
Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия аудандарында да сабақ дәстүрлі форматта жалғасуда.
Өңірдегі мектептерде оқытудың дәстүрлі форматына көшу ауа райы жағдайына байланысты реттеледі.