Бейнеу ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметінде заң бұзушылықтарды анықталған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «Арай НС» ЖШС арасында Бейнеу ауылында газ құбырын тарту бойынша мемлекеттік сатып алу шарты жасалған. Алайда мердігер өз міндеттемелерін шартта белгіленген уақытта орындамаған.
"Прокурордың талап арызы бойынша Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Арай-НС» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танып, мемлекет пайдасына 11 млн теңгеден астам тұрақсыздық айыбы өндірілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп жазылған облыстық прокуратура таратқан ақпаратта.