Жақында Маңғыстау облысының Достық үйі жанынан «Жомарт жан» орталығы ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Орталықтың негізгі мақсаты - Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік маңызы бар жобаларын, оның ішінде «Қайырымдылық керуені» халықтық жобасын іске асыру жөніндегі шараларын үйлестіру және қайырымдылықты дамыту.
Орталыққа облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, Аналар кеңесінің мүшесі Беляева Ирина Валерьянова төрағалық етеді. Жомарт жан орталығы Достық үйінің базасында әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыруға, қайырымдылық қызметін дамытуға және қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін белсенді азаматтардан құралған. Құрамына Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, меценаттар, кәсіпкерлер, әлеуметтік белсенді азаматтар, қоғам қайраткерлері, еріктілер қосылмақ.