Жыл басынан бері полиция қызметкерлері Маңғыстау облысында есірткіге қатысты 35 құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша бес есірткі қылмысы және есірткіге қарсы 30 теріс қылық тіркелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Айналымда жүрген салмағы 1 келі 226 грамм есірткі заты тәркіленді. Атап айтқанда, марихуана, апиын, гашиш және синтетикалық есірткі.
Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Есірткі қылмысының алдын алу бағытында қаңтар айында 10 профилактикалық іс-шара өткізілді. Сондай-ақ, қала аумағында 13 граффити жазуы жойылды, есірткіні жарнамалайтын және сататын он интернет сайтына тосқауыл қойылған.