Маңғыстау облысының прокурорлары ойын форматында мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыруда. Прокурорлар әзірлеген ойын – бұл қатысушы командалар орындауы тиіс бірнеше тапсырмалардың квесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Ойынның мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру және олардың бойында заңға бағыну мінез-құлқын қалыптастыру.
-“Мектептерде профилактикалық сабақтарды ойын форматында өткізу тәжірибесі балалардың заң нормаларын білуге деген жоғары танымдық қызығушылығын көрсетті”, - деп атап өтті прокуратура.