Маңғыстау облысында қазан айының 2-8 күндері аралығында “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ПД сілтеме жасап.
Іс-шара аясында ПД көші-қон қызметі басқармасымен барлығы 753 құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-тің 517-бабымен 566 шетелдік жауапкершілікке тартылды.
- Республикамыздың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған 163 ҚР азаматы анықталып, оларға әкімшілік кодекстің 518-бабы бойынша хаттамалар жасақталды. Сонымен қатар полицейлермен ҚР ӘҚБтК-тің 519-бабында көзделген талаптарды сақтамаған жиырма төрт тұлға анықталды,- делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Бұдан бөлек Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары шығару туралы 68 сот шешімі шығарылған.
Облыстық полиция департаменті азаматтарда көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға және заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.