© Архив
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінен Маңғыстау облысында 2 ардагер қалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Олар - 1927 жылы туған Ольга Заривняк Платоновна мен Салазкин Василий Иванович. Қариялар Ақтау қаласында, 4 шағынауданда, ал бірі 15 шағынауданда тұрады.
Ольга Заривняк соғыс басталғанда 14 жаста еді. Жас болғанына қарамастан ол Брест облысындағы туған қаласы Клещелидің партизан отрядының құрамында болды. Ол маңызды ақпарат жіберумен қатар, жараланған сарбаздарға көмек көрсеткен. 2015 жылы Донбастағы жауынгерлік іс – қимылдарға байланысты өз қаласын тастап, Ақтау қаласына немересіне келген.
Василий Салазкин 1941-1945 жж, 1 Қиыр Шығыс майданында соғысқан, кіші сержант. Ұлы Отан соғысында «Германияны жеңгені үшін» орденімен, «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков» медалімен марапатталған.
Облыстағы ардагермен жұмыс жасау және мәселелер секторының меңгерушісі Әлия Тоғызбаеваның айтуынша 2023 жылдың мәліметіне сүйенсек, аймақта 259 тыл ардагері, 1 блокада ардагері бар. Өңірімізде әр жылдың сәуір айында тыл және блокада ардагерлерін есептеу жүргізіледі.