Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Нәтижесінде 18 жаттықтырушының жалған дипломмен жұмыс істегенін анықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Антикорға сілтеме жасап.
Спорт саласындағы қаржыландыру мәселелерін жан-жақты зерделеу нәтижесінде бірнеше сыбайлас жемқорлық тәуекелі, еңбекақыны негізсіз төлеу, жұмыс уақытын теріс қайта бағалау, мемлекеттік спорт тапсырысына жатпайтын спорт түрлеріне бюджет қаражатын төлеу, сондай-ақ, спортшылар мен жаттықтырушылардың жалақысын жоғарылату анықталды.
Еңбек заңнамасына сәйкес жалған құжаты бар барлық жаттықтырушы қызметінен босатылып, басқа да тиісті шаралар қабылданды.