15 мамыр күні Маңғыстау облысында, сондай-ақ жалпы ел аумағында теледидар мен радио уақытша өшіріледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Үздіксіз және сапалы телерадио хабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарында қызметтерді тоқтата отырып, тоқсан сайынғы жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Профилактикалық жұмыстарға байланысты осы жылдың 15 мамырында сағат 03:00-17:00 (Астана уақыты) аралығында телерадио хабар таратуды тоқтатады.
«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.