Алғаш рет Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен жүзеге асатын жобалардың басты мақсаты:
- Ақтауда тұрақты экологиялық және әлеуметтік жауапты орта құру.
- Жастар белсенділігі мен қоғамдастықты жандандыру, қоршаған ортаны және қоғамдық мүлікті қорғаудың инновациялық тәсілдерін енгізу, деп хабарлайды деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сондай-ақ, жоба нәтижесінде «Ең жақсы аула», «Ең жақсы кіреберіс», «Ең жақсы тұрғын үй» және «ең жақсы тазалаушыны» анықтайды.
«Трансформация» конкурстарын және мобилографтар арасында жасыл желек, қайта өңдеу, энергия тиімділігі, вандализмге қарсы күрес сынды экологиялық тақырыптар туралы бейнероликтер жасауға арналған конкурсты қамтиды. «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ барлығын осы бастамаларға белсенді қатысуға және Маңғыстау облысы үшін неғұрлым орнықты әрі экологиялық қауіпсіз болашақ құруға өз үлесін қосуға шақырады.