«Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жол картасына сәйкес Маңғыстау облысында жалпы білім беретін мектептерде «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Даярлық курстарының мақсаты - бастауыш мектепте оқуға балалардың зияткерлік, мотивациялық, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін және бірінші сынып оқушысының табысты бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру.
Болашақ бірінші сынып оқушылары мектебінің жұмысын ұйымдастыру тәртібі:
- топтар 5-6 балалардан құралады;
- оқыту ұзақтығы жазғы кезеңде бір айды құрайды;
- топтардың толымдылығы 25 баладан аспайды.
- сабақтың ұзақтығы 25-30 минут.
Қазіргі таңда Мұнайлы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты 6 мектепте «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстары жүргізілуде.
Курспен барлығы 200-ге жуық бала қамтылды.
Алдағы уақытта облыстағы барлық мектептерде «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
Толық ақпарат алу үшін балаңыздың бірінші сыныпқа құжатын тапсырған білім беру ұйымына хабарласуыңызға болады.