Маңғыстау ауылында орналасқан ҚТЖ теңгеріміндегі 2 гектарға жуық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Вокзалдың жер телімі осыған дейін ҚТЖ меншігінде болған. Енді мемлекет қажеттілігі үшін жер телімі Мұнайлы ауданы әкімдігіне берілмек. Әкімдіктің баспасөз қызметі жер мемлекет меншігіне вокзал ғимаратын жаңғырту үшін қайтарылып жатқанын айтты.
Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімінің қаулысында жазылған.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
17 сәуірдегі № 108-қ қаулысы
Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылындағы жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 84 баптарына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37 бабына, Мемлекеттік мүлік туралы Заңына және «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 6 қарашадағы № 04-16-965 хатына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Маңғыстау» теміржол вокзалын реконструкциялау жобасын іске асыру үшін орналасқан осы қаулының қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылында орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару рәсімі басталсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жер учаскелерді мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап 5 (бес) ай мерзім болып белгіленсін.
3. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген меншік иелері келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін Мұнайлы ауданы әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
4. «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б. Орынбасаров) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Мұнайлы ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда, республикалық немесе жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Өтегеновке жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Күмісқалиев
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 сәуірдегі №108-қ қаулысына қосымша
Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізімі