«STOP Трафик» жедел-профилакалық шарасы барысында Маңғыстау облысы ПД БЖББ қызметкерлері бірнеше жыл бойы Өзбекстанның 44 жастағы азаматын маңғыстаулық тұрғын еңбек құлдығында ұстап келгенін анықтады. Ер адамның құжаттарын тартып алып, мал бағуға және үй шаруасын істеуге мәжбүрлегені белгілі болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Өзбекстан азаматы Елді мекеннен 90 шақырым қашықтықтағы қыстауда құлдықта болған. Бұл факт ҚК-нің 126-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша СДТБТ-да тіркелген, тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жәбірленушіге көмек көрсетіліп жатыр.