ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ҚР Сауда және интеграция министрлігімен және басқа да мүдделі ұйымдармен бірлесіп, ел аумағындағы уақытты есептеудің бірыңғай тәртібін белгілеу мәселесін пысықтауда, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Депутаттар, орталық мемлекеттік орган, азаматтық қоғам және ғылыми ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Алайда, бұл мәселе бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Шешім мәселені зерделеп, қоғам талқылауынан кейін қабылданады.
Қазіргі уақытта ел аумағындағы уақыт екі әкімшілік сағат белдеуінде есептеледі: 4 (БҚО, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) және 5 (Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан және басқа облыстар).
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстанның батысындағы уақыт Астанамен теңесетіндігі туралы ақпарат тараған болатын.