Республика күні мерекесі қарсаңында және Қарақия ауданының 50 жылдық мерейтойына орай Құрық, Жетібай және Мұнайшы ауылдарындағы мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған жанұяларға 6 пәтер табысталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін баспанасыз жүрген жандарға үй алуға демеушілер көмек қолын созған. Олардың бірі - «Оғланды-Бекет ата» қоғамдық қорынының төрағасы Тұрғанбай Сәулеұлы болып отыр. Осы орайда жаңа пәтердің тұрғындары демеуші азаматқа алғысын білдіріп, жүрекжарды ілтипатын жеткізді.
- Біздің тұрмыстық жағдайымызды елеп-ескеріп, жаңа қоныс алып беріп, қуаныш сыйлап жатыр. «Оғланды-Бекет ата» қоғамдық қорынының төрағасына рахмет. Барша атсалысқан азаматтарғада алғысымыз шексіз, бала - шағасының қызығын көрсін, - деді баспаналы болған тұрғындардың бірі.
#respublicday