Таудай боп үйілген қоқыстарды Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылының тұрғыны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ол өз шағымын «Маңғыстау облысының әкімдігі» телеграм-чатында жазған.
- Сәлеметсіз бе! Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылы 443-452 мекенжайында үй қоқысқа батып жатыр, - делінген хабарламада.
Шағымға Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты түсініктеме берді.
– Сіздің өтінішіңіз қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға жауапты «Мұнайлы қызмет» ЖШС-не жолданды. Жақын арада бұл көшеден қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады, делінген түсініктемеде.