Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №77 мекемесінде тыйым салынған затты алып өтуге әрекет жасау фактісі тіркелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz тергеу изоляторының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Тергеу изоляторындағы сотталған Б. азаматына туытстары тарапынан жолданған сәлемдеме жіті тексерілді. Тексеріс нәтижесінде радиоқабылдағыш ішіне жасырған ұялы тефлефон тәркіленді.
Мекеме қызметкерлері тінту кезінде ұялы телефон, 3 SIM-карта және 3 дана флешкарта тапты. Аталған заттар радиоқабылдағыштың ішіне орналастырылған. Бұл дерек бойынша Ақтау қаласының тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің "қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру" туралы 481-бабы бойынша жазаланады.