Соңғы мәліметтер бойынша биыл «Kazakh Osseter» ЖШС ғылыми-өндірістік кәсіпорны Ресей мен Әзірбайжанға 10 000 келі балық өнімін экспорттады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚКО-ға сілтеме жасап.
Қазіргі таңда облыста балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы іске асып жатыр. Соның аясында 2030 жылға қарай облыста жұмыс істейтін балық шаруашылықтары кеңейіп, балық көлемін 100 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда.
Жыл басында 37 тонна балық өсіру жоспарланған болатын. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, үш кәсіпорын – «Kazakh Oseter» ЖШС, «Каспий Ривьера» ЖШС және «NATALI COMPANY» ЖШС қазірдің өзінде 38,5 тонна бекіре және тауарлық балық өсірген. Келесі жылы 73 тонна балық өсіру жоспарланып отыр.