Өткен аптада Шымкент қаласында өткен самбо және жауынгерлік самбодан 23 жасқа дейінгі ересек ұл-қыздар арасында ел чемпионаты аяқталды. Аталмыш жарыста Маңғыстау облысының құрама бес жүлде иеленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz өңірдің дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Қазақстан біріншілігіне еліміздің 16 облысы пен 3 қаласынан үш жүзге жуық спортшы бақ сынады. Екі күнге созылған ел чемпионатында Самбодан құрама бапкері Бағлан Ибрагим баптап апарған Маңғыстау облыстық спорт мектебінің спортшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Қыздар арасында Мерейлім Кеңесбек (47 кг) күміс жүлдегер атанса, 54 келіде Айкүн Рахметова ел чемпионы атанды. Ал ерлер арасында Ғани Орысбайұлы (53 кг) мен Нұрсұлтан Жұбатқан (64 кг) күміспен күтпелді. Ал 58 келіде күрескен Дәурен Төлегенов қола медальға қол жеткізді.