Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтің нұсқамасына сәйкес Маңғыстау облысы полиция департаментінің жеке құрамы және ҚР Ұлттық ұлан қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Осы ретте ведомство бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Б.Ақшауовтың қатысуымен гарнизондық саптық жиын өткізілді.
— Баршаңызды департамент басшылығы атынан Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Деніңізге саулық, қызметтеріңізге табыс, отбасыңызға амандық тілеймін. Мереке күндері ел тыныштығы үшін қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз қажет, - деді Болатбек Ысқақұлы өз сөзінде.
Саптық жиын барысында жеке құрамға нақты тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, саптық жиынның мақсаты - қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысын қадағалау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, болдырмау.