Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен полицияға қызметтік автокөліктер берілді. Облыстық ПД бастығы полиция генерал-майоры Аян Дуйсембаев патрульдік полиция батальоны мен ротасының қызметкерлеріне, сондай-ақ Маңғыстау облысы аудандарының учаскелік полиция инспекторларына қызметтік автокөліктердің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ПД сілтеме жасап.
15 автокөліктің барлығы патрульдеуге арналған барлық құрылғымен жабдықталған.
- Патрульдік автомобильдер санының артуы жолдардағы қауіпсіздікті арттыруда оң нәтиже береді деп үміттенеміз. Ең бастысы - азаматтардың амандығы мен қоғамның тыныштығы, - деп атап өтті облыстың бас полицейі Аян Сабитұлы.