Маңғыстау облысында 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында республикалық “Бекіре” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен 17 сәуір күні сағат 22:35 шамасында Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында орналасқан “Kazpost” ғимаратының ішкі бөлігінен жиырма бес дана заңсыз ауланған, салмағы 165 келі 100 граммды құрайтын бекіре тұқымдас балық анықталып, тәркіленіп алынды.
Сонымен қатар, Ақтау қаласы тұрғынының автокөлігінің жүк салғышынан 30 келі 500 грам “бекіре” тұқымдас анықталды.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 42 және 25 жастағы күдіктілердің жеке бастары анықталып, ұсталды.
Тәркіленген балық «KAZAKH OSSETER» ЖШС мекемесіне тапсырылды. Аталған дерек ҚР ҚК 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесінде жария етілмейді.