Бейнеу ауданының прокурорлары жүргізген талдау аясында нысаналы мақсатта пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Жер кодексінің талаптарына сәйкес жер пайдаланушылар жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндетті. Жайылымдық жерлер 2 жылдан астам уақыт игерілмегені анықталды.
Анықталған фактілер, яғни жер учаскелерін пайдаланбау, облыстың әлеуметтік-экономикалық саласына өз әсерін тигізіп, ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бермей отыр.
Анықталған заң бұзушылықтарды ескере отырып аудан әкімдігіне ұсыныс жасалды.
Нәтижесінде кадастрлық құны 26 млн теңгені құрайтын жалпы ауданы 25 мың гектар 33 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.