Бүгін, 11 шілде күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген 15 тұрғынның өтініштерінің қатарында тұрғын үймен қамту, жұмысқа орналасу, жол, ауылды көркейту және кәсіп жүргізу мәселелері бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келушілердің ұсыныс-пікірі, өтініші жергілікті атқарушы биліктің жіті назарында болады. Себеп-салдары зерттеліп, шешімі заң талаптары шеңберінде қарастырылады. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға тапсырма беріп, көмек көрсетілетінін айтты.
Тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Айта өтейік, облыс әкімі Н.Қилыбай тұрақты түрде апта сайын тұрғындарды қабылдап жатыр.