Ақтауда «МАЭК» ЖШС қызметкерлері магистральдық ауыз су құбырында жөндеу жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комбинат қызметкерлері 10 шілдеден 11 шілдеге қараған түні №2 орталық сумен жабдықтау торабы(ОСЖТ-2) - №3 орталық сумен жабдықтау торабының(ОСЖТ-3) магистральдық ауыз су құбырының екі бөлігін ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Диаметрі 800 мм ауыз су құбырының жөнделген бір бөлігінің ұзындығы 22,5 метр, ал екінші бөлігі 11,5 метрді құрайды. Бұл жұмыстарға 2 кран, 1 экскаватор, 1 полуприцеп пен дистиллят және өнеркәсіптік жылумен жабдықтау зауыты, жөндеу зауыты, «МАЭК» ЖШС автомобиль көлігі басқармасы мамандарынан құрылған бригада жұмылдырылды.
-Қызметкерлер жөндеу жұмыстарын 11 шілде күні таңғы сағат 06:40-та аяқтады. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауыз су құбыры бірден суға толтыруға қойылды. Қазіргі таңда ауыз су құбырларындағы ақауды болдырмау үшін қаланың төменгі және жоғарғы аймақтарына ауыз су қысымы біртіндеп көтерілуде, - деді «МАЭК» ЖШС өкілдері.