Республикалық маңызы бар “Бейнеу-Ақжігіт -Өзбекстан шекарасы” автожолына ақылы жүйе енгізу іске қосылды. Қазақстан Республикасы көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес, 9 қазаннан бастап ақылы жол енгізіледі. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «ҚазАвтоЖол» Акционерлік қоғам Маңғыстау облыстық филиалының директоры Айбек Ануарбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда ақы енгізуге байланысты «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» бойында, 84+150 шақырым 1 стационарлық бақылау пункті және 85 шақырым орналасқан жылыту пунктінің ғимаратында клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі 1 орталық орнатылды.
Ақылы автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары Мерей Шахарбаевтың айтуынша, әр учаске бойынша автокөліктерден алынатын төлемақы автожолдың техникалық санатына байланысты болмақ.
- Аталған автожолда жеңіл көліктер төлемнен босатылады, тек 2-6 санатқа жататын жүк көліктерінен ақы алынады. Ақылы жолдармен жол жүру ақысын төлеу тәсілдері бар. Арнайы төлем QR арқылы жүзеге асады. Ал, Екінші деңгейдегі банктердің POS терминалдары арқылы жүзеге асады,- дейді Мерей Шахарбаев.