9 қазанда сағат 11:50-де республикалық маңызы бар Бейнеу-Ақтау тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. Бейнеу ауылынан келе жатқан АГП-20T 3813Н гидравликалық жүк көлігі солға бұрылу кезінде Toyota Camry көлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жол апатынан Toyota Camry көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар 3 жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен Бейнеу аудандық ЖІБ-нің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.