© interfax.ru
22 шілдеде Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түнде Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Аймақтың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін.
Облыстың батысы мен солтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Өңірде аса жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей жерлерде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде екпіні 15-20 м/с болады.