Биыл 1 қыркүйекке дейін «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы облыста 4800 орындық 4 мектеп ашылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қаласында, Мұнайлы ауданы аумағында 2400 орындық 2 мектептен салынады. Осыған байланысты 2024 жылы ашылатын мектептердің қызмет ету аймағы бекітілді.
1) Ақтау қаласының 18 ш/а 1200 орындық мектеп – 18 ш/а,18а, 17 ш/а (82, 97, 97/1, 99, 93, 100, 102 ,91,103, 94, 104 ,96, 112, 113, 217, 116, 107, 217/1, 110, 203, 84, 83 үйлер), 20 ш/а;
2) Ақтау қаласының 19А ш/а 1200 орындық мектеп – 19 ш/а, 19А ш/а, 20 ш/а, 20 А ш/а;
3) Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылдық округі Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабындағы 1200 орындық мектеп – Қызылтөбе-2 тұрғын массивіндегі №1105 учаскеден бастап №2034 учаскеге дейін;
4) Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылдық округі Алау тұрғын үй алабындағы 1200 орындық мектеп – Басқұдық ауылдық округіндегі №№1, 4, 9, 10, 11, 12, 13, 14 кварталдар, «Туған ел» тұрғын массивіндегі көшелер.
Сонымен қатар жыл соңына дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 мектеп жұмысын бастайды. Олар - Ақтау қаласындағы 3900 орындық 4 мектеп, Мұнайлы ауданындағы 1200 орындық 1 мектеп. Осыған байланысты 2024 жылы ашылатын мектептердің қызмет ету аймағы бекітілді.
1) Ақтау қаласының 33 ш/а 1500 орындық мектеп – 30 ш/а, 33 ш/а, 38 ш/а, 39 ш/а;
2) Ақтау қаласының 17 ш/а 900 орындық мектеп – 17 ш/а, 17 А ш/а, 16 ш/а;
3) Ақтау қаласының 19 ш/а 1200 орындық мектеп – 19 ш/а, 19а ш/а, 20 ш/а, 20а ш/а;
4) Ақтау қаласының Рауан елді мекенінен 300 орындық мектеп – Рауан елді мекен;
5) Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округі Хазар ш/а 1200 орындық мектеп – Батыр ауылдық округіндегі Хазар ш/а барлық көше.