Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы қаңтар-наурыздағы демографиялық жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша халық саны 19 832 737 адамды құрады. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 259 453, ауыл тұрғындары – 7 573 284 адамға жеткен.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 93,5 мың бала дүниеге келге (2021 ж.-100,4 мың, 2022 ж. – 95,6 мың), оның ішінде 48,4 мыңы – ұлдар, 45,1 мыңы – қыз балалар.
Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,06 шамасыда. Аталған кезеңде қайтыс болғандар саны 32,6 мың адамды құрады (2021ж. – 36,1 мың, 2022ж. – 38,1 мың), бұл ретте 1000 адамға шаққанда өлім-жітім коэффициенті – 6,65. Нәтижесінде халықтың табиғи өсімі 2023 жылдың 3 айында 60,9 мың адамды құрады.
Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстауда 1000 тұрғынға 26,31 адамнан келеді. Ал Түркістан (25,59) облыстарында және Шымкент қаласында (24,37) байқалған.
Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,53), Шығыс Қазақстан (11,12) және Қостанай облыстарында (10,81) байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты. 3 айда 1 жасқа дейінгі 728 нәресте қайтыс болды, 1000 тууға шаққанда нәресте өлімінің коэффициенті 7,78 құрады.