2024-2025 оқу жылында облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы 26 колледжде (оның 14-і мемлекеттік, 11-і жекеменшік) 21 мыңнан аса студент білім алады деп күтілуде. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева ҚКО брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы 23 колледжде 5 615 орын, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 3 000 орын жоспарлануда. Былтыр эксперименттік білім беру бағдарламасы аясында 75 оқушы жұмысшы мамандығы бойынша колледжде білім алды. Аталған бағдарламаға ата-ана мен оқушылардың қызығушылығы бар екені анықталды, осыған орай 2024-2025 оқу жылында эксперименттік негізінде қабылданатын оқушылар саны 105-ке дейін өсті.
Мамандар даярлау 52 мамандық, 68 біліктілік бойынша 23 колледжде жүргізіледі. 218 әлеуметтік әріптестермен шарттар мен келісімдер жасалды. 2024-2025 оқу жылына дуальды оқыту шеңберінде оқу процесін ұйымдастыруға 1754 талапкерге сұраныс берілді.
Облыстың білім беру мекемелерінде кадр қажеттілігі бар. Олар негізінде орыс сыныптарында байқалады. Өзекті мәселелердің бірі – мектеп басшыларының бірқатары міндетін атқарушылар болып отыр. Бос лауазымдарға конкурстар жүйелі түрде жарияланып келеді. Бұл мәселені «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервінің іріктеуінен өтіп, оқып жатырған білім беру ұйымдарының педагогтары арқылы шешу көзделіп отыр. Бүгінгі таңда 14 педагог оқып жатыр, олар білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурссыз қабылданады. Қорытындысы жыл соңында шығады.